Мақтааралдық оқушылар Елордамыздың көрікті жерлерін көріп қайтты

Астанадағы «ЭКСПО-2017»  көрмесіне Мақтаарал ауданынан барған оқушылары «Бәйтерек», «ҚР Ұлттық мұражайы», «Думан» ойын-сауық орталықтарына барып, Астана қаласының ең көрікте жерлерін аралады. Балаларын сағынып, оларды құшақ жая қарсы алған ата-аналар аудан әкімі Ғ.Исмаиловқа өз алғыстарын жеткізді. «Болашақтың энергиясы» туралы көптеген мағлұматтарға қанық болған оқушылар көрген-білгендері туралы журналистерге әңгімелеп берді.

«Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды. Технология саласындағы әртүрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады. Астанада «Болашақтың энергиясы» ұранымен өтіп жатқан «ЭКСПО-2017″ көрмесінде біз болашақта пайдаланылатын көптеген энергия алу көздерімен танысып, келешекке саяхаттап келгендей болдық» — деді 9-сынып оқушысы, болашақ физик Бейбіт Тынышбеков. Сондай-ақ, ол бас қаламыздың көрікті жерлерін аралап, керемет әсер алғанын айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*