Ордабасы ауданы, Бадам ауылындағы «Аделя» жылыжай кешенінің көлемі 16 гектарды құрайды. Оның 5 гектары 2011 жылы, ал 11 гектары 2014 жылы іске қосылған. Жалпы жобаны «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландырыпты.Нақтырақ айтсақ, аталмыш ұйым 2011 жылы 440 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие берсе, 2013 жылы 2,2 миллиард теңге тағы бөлген.«Қызанақтарды теру маусымында 180 адамға дейін жұмысқа қабылдаймыз. Жұмысшылардың орташа жалақы мөлшері 80 мың теңге. Ал, өнімнің 90,95 пайызын Ресейдің теріскейіндегі Нововсибирск, Красноярск, Барнауыл секілді облыстарына экспортқа шығарамыз. Ал, бізде сұраныс аздау. Сонымен қатар, Астана мен Алматы қалаларына да сұранысқа қарай қызанақ, қиярлар жеткізіп отырамыз»,- дейді «Аделя» жылыжай кешенінің директоры Бақтияр Асылбек. Қазірде «Аделя» шаруа қожалығында 16 гектар жылыжай болса, оның 10 гектарына қызанақ, қалғанына қияр отырғызылған. Голландиялық тәсілмен өсірілетіндіктен көктем де және күзде, жылына 2 рет өнім алады екен. Ал, бір терімде 4-4,5 мың тоннаға дейін, яғни гектарына 300, 350 центнерден өнім алады.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН ЖИҺАЗЫНА КӨРШІ ЕЛДЕРДЕН СҰРАНЫС КӨП
Соңғы жылдары Түркістан облысында кәсіпкерлікке басымдық беріліп, жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беріп […]
ОҚО әкімі «Оңтүстік», «Тассай», «Бадам» индустиялды аймақта орналасқан кәсіпорын басшыларымен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өңірдегі іскер азаматтармен кездесті. Жиынға Шымкент қаласындағы «Оңтүстік», «Тассай», «Бадам» индустиялды аймақтарында орналасқан 60-тан астам шағын және орта бизнес өкілдері мен облыс әкімінің орынбасары […]
Ж.Түймебаев: «Оңтүстіктіен солтүстікке көшемін деушілерге көмектесуіміз керек»
Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы халқы тығыз орналасқан аймақтарының бірі саналады. Осыған орай өңірдегі жұмыссыздық деңгейі төмендету мақсатында халықты жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге көшіру жұмыстары жалғасып келеді. Десек те, ішкі көші-қон саясатының ел арасында насихатталуы […]
Пікір қалдыру