Ордабасы ауданында «Ордабасы нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи үлгідегі Түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өнімін өндіріп жатыр. Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға сай. Ал, өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген.Айта кету керек, алғаш рет жұмысын 2008 жылдың ІІ тоқсанында бастаған серіктестік 2015 жылы өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен дирімен құрылысын ұлғайтып, түрік технологиясымен жаңа қондырғылар орнатты. Соның арқасында қазіргі таңада осылайша тәулігіне 250 тонна өнім өндіретін диірменді іске қосылып тұр. Бұл жобаның инвестициялық құны 470 млн теңгені құрайды. Оның ішінде өз қаржысы 280,0 млн.т. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Өндіріс-2» желісі бойынша 6 пайызбен 7 жыл мерзімге «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» арқылы несиелендіріліп отыр.Бүгінгі таңда «Ордабасы нан» өнімдері отандық нарықпен қатар, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспортталып жатыр. Серіктестік директоры Бауыржан Сапарымбетовтың мәлімдеуінше, бүгінде диірменде 50-ге жуық азамат жұмыспен қамтылған.
Ұқсас жаңалықтар
В Ордабасинском районе ЮКО назначен новый аким
Аким ЮКО Жансеит Туймебаев по согласованию с Администрацией Президента РК и с согласия районного маслихата представил активу Ордабасинского района нового акима. Распоряжением акима Южно-Казахстанской области на должность акима Ордабасинского района назначен Рашид Усипханович Кайпжанов. Пожелав […]
Ордабасыда қос мереке аталып өтті
Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің мерекесі мен Еңбек күніне орай салтанатты жиын өтті. «Байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің шежірелі тарихымыз және біздің байтақ мәдени мұрамыз, қазығы берік мемлекеттік тіліміз. […]
Ұласбек Сәдібеков Ордабасыдағы білім ошақтарымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Ордабасы ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар нысандарды аралады. Алдымен Шұбар ауылындағы №18 колледжге ат басын бұрып, тыныс-тіршілігін көрді. Айта кету керек аталмыш оқу орны 1959 жылдан бері шәкірттерді […]
Пікір қалдыру