ОҚО әкімі төтеншеліктердің арнайы техникаларымен танысты

ОҚО әкімдігі алдындағы алаңда өткізілген «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында жол қызметінің техникалары мен төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жеке құрамның іс-қимыл көрсетілімі ұйымдастырылды.  «Жиын» дабылы бойынша жиналған жеке құрам мен техникалары толық дайындыққа келтірілді.Оқу-жаттығу сценариі бойынша облыс аумағында күрделі метеорологиялық жағдай туындап, ауа температурасы 15 градустан төмендеп кетеді. Қарға ұласқан жауын-шашын нәтижесінде Сайрамсу өзені тасып,  автокөлік жолдарының кей жерлері мұзға оранады.  Жол-көлік оқиғасы орын алып, адамдар суға құлап кетті.  Сондай-ақ, теміржолда жанар-жағармай тасымалдайтын вагондар рельстен шығып кетіп, өрт пайда болады. Бүгінгі дайындық шарасының негізгі мақсаты – орын алған келеңсіздікті тез арада жою. Ол үшін  «Сауран» демалыс аймағында  «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою» тақырыбында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі деп күтілуде.

Айта кетейік,  қазірдің өзінде облысымызда қыс мезгіліндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 11 мың тонна тұз бен 10 мың тонна құм әзірленген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*