Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласының орталығындағы көпқабатты үйлер ауласынан екі спорт алаңы пайдалануға берілді. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану шін салынған алаңның ашылу салтанатына қала әкімі Әліпбек Өсербаев қатысып, халық игілігіне ұсынылып отырған нысанның маңыздылығына тоқталып өтті. Шаһар басшысы, өз сөзінде Елбасының бұқаралық спортты дамытуға басымдық бергенін және дені сау ұлт – болашағы кемел мемлекет негізі екенін атап өтіп, осы бағытта мемлекет басшысының саясатын іске асыру барысында қарқынды жұмыстар жүргізіле беретіндігін жеткізді.Спорт алаңдарының бірі Тоқаш Бокин атындағы көше бойындағы көп қабатты үйлер ауласында бой көтергенін айта кеткен жөн. Ал, екіншісі Сауран мөлтек ауданындағы 35 «а» үйінің алдынан салынып ел игілігіне берілді. Жасанды жұмсақ жамылғымен көмкерілген ойын алаңының жиегі 7 метр биіктікте қоршалған. Балалардың қуанышын еселеген бұндай алаңдар құрылысы алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістандық спортшылар Ашхабадтан олжалы оралды
Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жалауы көтерілген жабық ғимараттағы Азия ойындарынан ел құрамасы сапында өнер көрсеткен түркістандық спортшылар да олжамен оралды. Сайыпқырандарды Түркістан темір жол вокзалынан жергілікті спорт сүйер жұртшылық салтанатты жағдайда күтіп алды. Ә.Нұрмаханов атындағы […]
Түркістанда көшпелі семинар өтті
Түркістан қаласы әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының еңбек заңнамасының сақталуы жөніндегі көшпелі семинары болып өтті. Түрлі сала өкілдері бас қосқан алқалы жиынды қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев жүргізіп отырды. Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек […]
Ахмет Йешильтепе: Түркі халықтарына ортақ телеарнаның ғимараты Түркістанда орналасуы тиіс
Түркістанда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумы өткен болатын. Іргелі шараның екінші кезеңінде бауырлас елдерден келген журналистер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014-жылы Бодрум саммитінде […]
Пікір қалдыру