Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің бастамасымен «Асар» қайырымдылық шарасы аясында биылдың өзінде өңірдегі баспанаға мұқтаж 8 отбасыға тұрғын үй кілтін сыйлаған. Болашақта да бұл игі шара болашақта жалғасын табатын болады. Бұдан бөлек, жыл басынан бері 6500 отбасыға жалпы сомасы 19 млн. теңгеден астам қаржы көмек ретінде ұластырылып отырғанын айта кеткен жөн. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек мәлім етті.«Мәселен, «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры ең алғаш рет өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі қызметкерлерге көмек көрсетті. Қажеттілікке орай ай сайын берілетін көмектің орташа мөлшері 50-60 мың теңгені құрады. Бұдан бөлек, алдағы 2018 жылы облыстағы жалпы саны 1700-ден астам мешіт қызметкерлеріне көмек беру жоспарлануда», — деді Ахметжан Пірәліұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Туған жер» бағдарламасы бойынша 80 жоба жүзеге аспақ
Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы мақаласында айтылғандай, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру ҚР Президенті әкімшілігі белгілеген жобалық менеджмент тәсілімен жүргізіліп жатыр. Бұл орайда, ұзын сонар жоспар жасау, жобаны жүзеге асыру үшін түрлі мәжілістер, талқылаулар ұйымдастыру […]
Тамара Дүйсенова Шымкенттегі қалалық жұмыспен қамту орталығында болды
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 700-ге жуық жұмысшысы бар «Стандарт-Цемент» зауыты 2011 жылы құрылған. Цемент өндіріп, оны сатумен айналысатын серіктестік жылына 2 млн. тонна өнім өндіретінін айта кету керек. Мұндағы цемент өнімдері Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан мен […]
ОҚО-да салық түсімі 10 айда 251 млрд. теңгені құрады
Оңтүстік Қазақстан облысы ағымдағы жылдың 10 айында салық түсімі бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 103 пайызға орындады. Айта кету керек, белгіленген жоспар 245 млрд. теңге болса, бюджетке нақты 251 млрд. теңге өндірілген болып отыр. Бүгін бұл […]
Пікір қалдыру