Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан мәлім етті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай өңірлік комиссия құрылып, «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазіргі заманғы Қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Нәтижесінде өңірлік карта жобасы дайындалып, «Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығына облысымыздан 104 нысан ұсынылды. Қазіргі таңда республика бойынша 100 нысан іріктелініп алынса, оның ішіне Оңтүстік Қазақстан облысынан 23 нысан еніп отыр. Қалған 81 тарихи-мәдени ескерткіштер жергілікті маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енгізілген. «Шымкент қаласындағы жергілікті маңызы бар Қаратөбе қалашығына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 31 млн. 436 мың теңге, Қаратөбе қорымына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 40 млн. теңге, Оба патшалық қорымына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 24 млн. теңге, Қазығұрт тауын тарихи-мәдени орталыққа айналдыру үшін 1 млрд. 513 млн.теңге, Ордабасы тауына 1 млрд. 200 млн. теңге қаржы қарастыру жоспарланып отыр», — деді облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан.
Ұқсас жаңалықтар
Латын әліпбиі: білім – әлемдік, тәрбие – ұлттық
Латын әліпбиінің ыңғайлы нұсқасын таңдауда әрбір ел азаматының пікірі ескеріледі. Яғни, әрбір тіл жанашыры мемлекеттік тілді латын қаріпіне көшіру ісіне өз үлесін қоса алады. Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде өткен «Латын әліпбиі: білім – әлемдік, тәрбие […]
ОҚО-дан ЭКСПО-2017 көрмесіне ұн және ұн өнімдері жеткізіледі
Халықаралық көрмеге өз өнімдерін дайындап жатқан тағы бір кәсіпорын Шымкент қаласындағы «Барыс 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан серіктестікте жылына 27 мың тонна макарон өнімдері мен 3600 тонна кондитерлік өнімдер […]
ОҚО-да тамақ өндіретін кәсіпорынның 60 пайыз өнімдері экспортқа шығады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі тамақ өнеркәсібінде бірнеше жылдан бері қызмет етіп кележатқан кәсіпорынның жұмысымен танысты. Онда тұтынушылардың басым бөлігі тұтынатын макарон, ұн және сүт өнімдерін жоғары сапада дайындалады екен.Серіктестікті аралау барысында облыс […]
Пікір қалдыру