Қазығұрт ауданында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Отырабат-Құрылыс» серіктестігінің газобетон блогын шығаратын өндіріс орнының іске қосылу рәсімі өтті. Айта кету керек бұл жоба елімізде қолға алынған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында аудандағы индустриялды аймақта жүзеге асып отыр. Кәсіпорын жылына 12 мың шаршы метр газобетон блогын шығаратын болады.Қазығұртқа іс-сапары барысында кәсіпорынның жұмысымен кеңінен танысқан аймақ басшысы, оның маңыздылығының арта түсетіндігін ерекше атап өтті. «Өндіріс саласында жақсы оқиға, ол осы ауданның және көрші аудандардың қажеттілігі үшін газобетон блогын шығаратын зауыттың іске қосылуы. Құны 120 млн. теңге болатын жобаның іске қосылуы құрылыс үшін маңызды. Сондықтан бұл бастаманы қолдаймын. Аталған аудандағы индустриялды аймақта қазір жалпы құны 2 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылуда. Кәсіпорындар ашылса, салық түсіп, ел бюджеті молаяды, тұрғындар жұмыспен қамтылатын болады», — деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстіктен Иранға 20 мың тонна ет экспорттау көзделіп отыр
Жылына 2 млн. 400 тонна ет тұтынатын Иран Ислам мемлекетіне ОҚО-дан 20 мың тонна ет экспорттауға екіжақты келісім жасалды. Облысымызда соңғы екі жылда 865 мың бас ірі қара, қой-ешкі 155 мыңға көбейіп 3 млн. 893 […]
ОҚО-да жылына 5000 дана жиһаз шығаратын кәсіпорын жұмыс істеп жатыр
Шымкенттегі «Тассай» индустриялды аймағында Қазақстандағы ерекше жобалардың бірі болып табылатын «Мега Смарт» зауыты жұмыс істейді. Аумағы 89 га құрайтын «Тассай» индустриалды аймағында 24 инвестициялық жоба қолға алынған. Өндіріс орнында МДФ жылтыр плитасын және жиһаз шығарады […]
ОҚО-дан «Қасиетті Қазақстан» жобасына 23 киелі орын енгізілді
Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан мәлім етті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай өңірлік комиссия құрылып, «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазіргі заманғы Қазақстандық мәдениет […]
Пікір қалдыру