Қазығұрт ауданындағы газобетон блогын шығаратын өндіріс орнының құны 80 млн. теңгені құрайды. Оны жүзеге асыру үшін кәсіпкер «ONтүстік өнімдері» аймақтық қаржыландыру бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының «Банк несиелерін кепілдендіру» шарты бойынша қаржылай қолдауға ие болған. Сонымен қатар, Түркиядан кондитерлдік өнім өндіретін құрал-жабдық әкелген Гүлзия Бейсебаева елімізде кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасалғанын айтты.Бұдан бөлек, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Қазығұрт ауданында жылына 63,2 млн кВт электр энергиясын өндіретін шағын гидро электр станциясын аралап көрді. Бүгінгі таңда кәсіпорын сынақ мерзімінен өтіп, электр қуатын шығаруды бастап кетті. Электр станциясы өндірілген өнімді Қызылсенгір елді мекенінің электр желісіне қосу үшін «Оңтүстік жарық» мекемесіне 1кВт 16,71 теңгеден электр қуатын өткізіп жатқанын айта кету керек. Үлкен кескен каналынан 6м³/сек. су алынып, 450 метр төмен қарай электр станциясына келіп, арнайы қондырғылардан өтіп сағ/1000 кВт. электр қуаты шығарылады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Елбасының атынан Арыстағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Арыс қаласында орналасқан Төлеген Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды.Балалардың мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалаған аймақ басшысы Елбасының […]
ОҚО әкімі: Медиация баяғы «Жеті жарғының» бүгінгі жалғасы ретінде халықтың байырғы мәмілегершілік дәстүрін жалғастырып отыр
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Қоғамды жаңғыртудағы медиацияның рөлі» тақырыбында республикалық диспут-форум өтті. Жиынға қатысқан ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев форумның халықаралық форматта ұлттық құндылықтардың қайнары […]
ОҚО алдағы уақытта 701 елдімекенді ауыз сумен қамтуды көздеп отыр
Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасындағы «Әкім сағаты» бағдарламасына тікелей эфирде берген сұхбатында мәлімдеді. Өңір басшысы тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты сұрақтарына да жауап берген болатын. Облыс әкімінің айтуынша, […]
Пікір қалдыру