Қазығұртта бір мезетте 10 мың қойды бордақылайтын кешен салынуда

Қазығұрт ауданындағы «Сапа – 2002» серіктестігі құны 275 млн. теңге болатын мал бордақылау кешенінің құрылысын жүргізіп жатыр. Айта кету керек қазіргі таңда онда салмағы 90-95 келі тартатын қазақтың асыл тұқымды қылшық жүнді құйрықты қойы мен меринос қойы өсірліп жатыр. Осындай игі жұмыстардың барысымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде танысып шықты. Шаруашылықтың жұмысымен таныстырған серіктестік басшысы Нұржан Әшіров, аймақтағы шопандар ет экспортын дамытуды қолға алып жатқанын атап өтті.Осы ретте, өңір басшысы Жансейіт Түймебаев өңдеу өнеркәсібіне көңіл бөлу керектігін айтып, малды тірідей сатудан бөлек, оның етін терең өңдеп сату мәселесін де қолға алуды ұсынғанын айта кеткен жөн.

«Түрлі тағамдарға арнайы дайындап, етті шетелге экспорттауға болады. Бұл қай жағынан алып қарасақ та тиімді», — деген өңір басшысы аудан әкіміне кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*