ОҚО әкімі: Медиация баяғы «Жеті жарғының» бүгінгі жалғасы ретінде халықтың байырғы мәмілегершілік дәстүрін жалғастырып отыр

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Қоғамды жаңғыртудағы медиацияның рөлі» тақырыбында республикалық диспут-форум өтті. Жиынға қатысқан ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев форумның халықаралық форматта ұлттық құндылықтардың қайнары болған Оңтүстік Қазақстан облысында өткізіліп отырғандығын үлкен жетістікке балады. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көненің көзіндей болған ұлттық құндылықтарды заман ағымына сай қайта түлетуді міндеттеген еді. Медиация баяғы «Жеті жарғының» бүгінгі жалғасы ретінде халықтың байырғы мәмілегершілік дәстүрін жалғастырып отыр. Ол сондай-ақ, дауласушы тараптарды өзара келісімге келтіріп, ортақ пайым жасауға жетелейді», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Республикалық форумға ҚР Президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің өкілдері, ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері, барлық облыстардағы медиация орталықтарының  жетекшілері мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің  жанындағы медиация кабинеттері меңгерушілері қатысты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*