Арыста қос фельдшерлік амбулаториялық тірек ашылды

Еліміздегі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында: Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға, денсаулық сақтау жүйесін басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыруға, сонымен қатар қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған стандарттарын кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз ету қажеттігі аталған болатын. Бағдарлама аясында елді мекен тұрғындарына алғашқы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру да басты назарға алынған.Осыған орай, аталған тапсырмаларды орындау мақсатында, 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай жаңадан бой көтерген Дермене ауылдық округі, Саналы елді мекені және Монтайтас ауылдық округі, Шағыр елді мекендерінде облыстық бюджет есебінен фельдшерлік амбулаториялық тірегі қоланысқа берілді.

«Мемлекеттің басты байлығы – халық. Ал халықтың басты байлығы – денсаулығы. Бұл үшін әр елді мекенді ауруханамен қамтамасыз ету бағытында жұмыс атақаруымыз тиіс!», — деп атап өтті қала әкімі Мұрат Болатұлы.

Жаңа әлеуметтік нысанның лентасы қиылған соң шаһар басшысы М.Қадырбек және жергілікті тұрғындар фельдшерлік-акушерлік тіректің қызмет бөлмелерін аралап көрді.
Тіректе фельдшердік кабинет, екпе бөлмесі және акушерлік кабинет орналасқан. Кабинеттердің бәрі де толықтай заманауи жаңа үлгідегі аппараттармен жабдықталып, білікті мамандар ауыл тұрғындарының барлығына да қажетті медициналық көмек көрсетуге әзір.
Енді мұнда күнделікті денсаулығына шағымданған жандарға кез-келген көмек көрсетілетін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*