Шымкентте жаңа автобус маршруты қосылады

Соңғы жылдары облыс орталығы Шымкент қаласына 40 елдімекен қосылып, қала шетіндегі шағын аудандарға қоғамдық көліктердің қатынау қиындағаны сөзсіз. Осы орайда, сол аудандардың тұрғындары бала-шағасын балабақша, мектептерге апарарда қиналатындарын, жұмысқа уақытылы жете алмай жүргендерін айтып шағымданған болатын. Жасыратыны жоқ мұндай арыздар күні бүгінге дейін толастар емес. Оның бір себебі, қоғамдық көліктердің қызмет сапасы жергілікті халықтың көңілінен де шықпайды екен. Сол себепті, Шымкент қаласы әкімдігі жыл соңына дейін 12 жаңа автобус маршруты қосылатынын хабарлады. Қазіргі таңда,  жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді реттеуде сала мамандары қоғамдық тасымалдау компанияларының жұмысына талапты күшейтіп жатыр.

Маршрут графигін сақтамаған компаниялармен келісімшарт бұзылады. Қазірдің өзінде Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, №38,33,12А,134 маршруттармен келісімшарт бұзылған. Олар келесі жылы тендерде жеңімпаздар анықталғанша жұмысын жалғастырады. Айта кетейік, қазір Шымкентте мемлекеттік автобус паркін ашу мәселесі ұсынылуда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*