Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 200-ге жуықтады

Естеріңізде болса, Шымкент қаласында тұрғындар балмұздақтан жаппай уланғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Күні бүгінге дейн олардың саны 188-ге жетіпті. Бұл жөнінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ғалымжан Айнабеков мәлімдеді.

«28-29 наурызда 36 ауру келсе, 30-ы күні 79 науқас келіп түсті.  Мұнан кейін 31 наурызда 52 уланған адам жеткізілсе, 1 сәуірде 20 адам әкеінді. Қазір уланғандардың саны кішкене саябырсыған сияқты. Жалпы бүгінгі таңда 188 ауру келді.  Кеше денсаулығы түзелген 6 науқасты ауруханадан шығардық. Бүгін 35-40 ауруды үйіне қайтарамыз. Өйткені жағдайлары тұрақтанды»- дейді ол.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*