ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы болып Ерболат Мақсұтханұлы Ыбрайханов тағайындалды.

Ерболат Ыбрайханов 1981 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысында туылған. Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін және «Болашақ» бағдарламасымен «University of Nottingham» жоғары оқу орындарын экономист-финансист, заңгер, мемлекеттік саясат мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Ерболат Мақсұтханұлы осыған дейін Әділет министрлігінде экономист, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басқарма басшысы, сондай-ақ аталған агенттікке қарасты өңіраралық инспекция басшысы, Қарағанды облысы бойынша Антимонополиялық инспекциясының жетекшісі және Алматы қаласы бойынша тұрғын үйді басқару және тұрғын үй инспекциясы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңадан тағайындалған департамент басшысын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жеке қабылдап, оның жұмысына сәттілік тіледі.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*