Түркістан облысының денсаулық сақтау саласын сандық жүйеге көшіру 4 бағытта жүзеге асуда

Түркістан облысының денсаулық сақтау саласының сандық жүйеге көшу жұмысы 4 бағытта жүзеге асуда. Олар, емдеу және алдын алу, ауруды ерте анықтау, медициналық көмек көрсету және ауруды басқару әрі оңалту. Бүгінде облыс бойынша компьютермен қамтамасыз ету мәселесі 69% -ды құрайды. Түркістан облысы бойынша аудан орталықтары мен қалалар 100- ға интернет жүйесіне қосылған. Шалғай аумақтарда орналасқан елді- мекендер 2021 жылға дейін интернет жүйесіне қосылады деп жоспарланған. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты 38 медициналық мекемесі 100%- ға медициналық ақпараттық жүйеге қосылған.

Медициналық құжаттарды қағазсыз жүйеге қосу мәселесі бойынша,  Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты 38 медициналық мекеменің 38-і, яғни, 100%-ы жартылай қағазсыз құжат толтыруға көшкен. 121 медициналық форманың  74-і (61,1%) электронды жүйеде жүргізіледі. Жыл соңына дейін 100% жетеді деп жоспарланып отыр. Емдеу және профилактика мәселесіне қатысты халық арасында кеңейтілген ақпараттық- түсіндіру, насихат жұмыстары атқарылып келеді. Облыс аумағындағы әр емханада халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған бекеттер ашылған. Олар арқылы 393 мың адам (22,7%) оқытылды және 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті екі есе арттыру көзделген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*