КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

2018 жылдың 7 қарашасында Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссия төрағасы Келес ауданы әкімі А.Есбаев екенін айта кеткен жөн.

Төраға модераторлық еткен жиынның күн тәртібінде Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында жастар және орта білім беру ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта отырып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайында сөз болды. Айта кету керек, бұл жиынға Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл басқармасы басшысы Е.Жүнісов, Қазақстан Республикасы  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің Келес аудандық бөлімі басшысы М.Абдулла, сонымен қатар Сарыағаш аудандық әділет басқармасы басшысы С.Байдүйсен, аудан әкімдігінің аппарат қызметкерлері қатысып отырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*