Төлеби ауданының әкімі «Балмұздақ» ЖШС-нің жұмысымен танысты

Төлеби ауданының әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы және аудандық мәслихаттың хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы Бірінші Мамыр ауылдық округіне іс-сапармен барды.
Бірінші кезекте округте орналасқан «Балмұздақ» ЖШС-нің шокаладты глазурь және шоколад өңдейтін цехінің жұмысын көрді.
«Балмұздақ» ЖШС — і шоколад өңдейтін цехін желтоқсан айында іске қосып, отандық өнім «Perfetto» сауда белгісімен шоколад өндіру жұмысын бастамақ. «Балмұздақ» ЖШС -нің атқарушы директоры Кан Евгений Юриевич жыл соңына он екі шокалад түрінен үш шоколад түрін дайындай алатынын және алдағы уақытта шоколад өнімін шығаратын жаңа технологиялы қондырғылар сатып алып, инвестиция көлемін 1 млн евроға тарта алатынын атап өтті.
«Балмұздақ» ЖШС – нің шокалад өңдейтін цехімен 2018 жыл басынан бергі уақытта автоматтандырылған қондырғылар алынып, ауданымызға 603 млн теңгеге инвестиция тартылды. «Балмұздақ» ЖШС — і жылына 1100 тонна шоколад глазурь өнімдерін өндіруге қуаттылығы бар. Қазіргі таңда 60 азаматты жұмыспен қамтып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*