Төлебиде төтенше жағдайдың алдын-алу жөнінде мәжіліс өтті

Төлеби аудандық әкімшіліктің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің Бауыржан Бақытұлының төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезекті мәжілісі өтті.
Мәжәліске төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мүшелері, бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
1. Аудан аумағында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы Төлеби ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Есіркепов Бақытғали Қырғызбайұлы баяндады.
«Төлеби ауданы 6-8 балдық аймақта орналасқан сейсмкалық белсенділігі жоғары аймаққа жатады. Белсенділік аймағы бойынша 8 балдық аймақта: Төңкеріс, Балдыберек, Қостөбе, Қарақия, Қаратөбе елді мекендері; 7 балдық аймақта: Алатау, Нысанбек, Біркөлік, Диханкөл, Ұзынарық, Қасқасу, Керегетас елді мекендері; 6 балдық аймақта Ленгір қаласы, Көксәйек, Зертас, Аққұм, Кемеқалған ауыл округтерінің елді мекендері жатады.
Төлеби ауданының халқы мен аумағын жер сілкінісі салдарынан болатын төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында 2016-2018 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының сейсмикалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру» Жол картасының іс-шараларын Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру бойынша бекіту жоспарындағы тапсырмалардың жүзеге асырылуы бойынша тиісті шаралар қабылдауыңызды сұранамын»-деп айтып өтті.
Осы мәселе бойынша Леңгір қаласының әкімінің орынбасары Қожанов Қоспай Нұрманұлы және Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Жақыпов Бақытғали Тұрарұлы қосымша баяндама жасады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*