Төлеби ауданының әкімдігі қысқа дайындығын пысықтады

Төлеби ауданында төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезекті мәжілісі өтті. Онда 2018-2019 жылғы қыс маусымында аудан тұрғындарын, мекемелерді үздіксіз табиғи газбен, жылумен, электр қуатымен қамту және қауіпсіздік іс-шараларының орындалуы туралы Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Жақыпов Бақытғали Тұрарұлы баяндама жасады. Қосымша «Төлеби аудандық ауруханасы» МКҚК басшысының орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ Төлеби аудандық бөлімшесінің басшысы Тұрымбетов Мақсат Шәріпбайұлы, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Төлеби аудандық тарату бөлімшесінің бас энергетигі Қаратаев Ерлан Әкімжанұлы баяндама жасады.
3. Аудан аумағындағы, облыстық және аудан ішілік маңызы бар автомобиль жолдарында 2018-2019 жылғы қыс мезгілінде көлік қатысының узілмеуін қамтамасыз ету туралы «Жарықжол» КММ бас инжинері Көпжасаров Арман Талғарұлы баяндама жасады. Қосымша «Оңтүстік жолдары» МКК Төлеби аудандық учаскелік басшысы Дарменов Асқарбек Кәдірбекұлы баяндады.
2017-2018 жылы қыс маусымында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты (бұрқасын боран, жел, көрініс жоқ) жалпы 3 рет облыстық және жергілікті автомобиль жолдарын қар басу оқиғасы орын алып, Төлеби ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және №5 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен қар құрсауынан 2 адам құтқарылып, 10 адам, 2 бала эвакуацияланып, 10 жүк, 3 жеңіл, автокөлігі эвакуацияланды. Жолға жауапты мекемелердің үздіксіз қардан жолды босату жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жолдар ашылып, қарым-қатынастар мерзімінде қалыпқа келтірілді.
4. Аудан аумағында 2018-2019 жылғы күз-қыс мезгілінде су басу қауіпінің күшеюіне байнанысты елді мекендер мен тұрғындарды болуы мүмкін су басу жағдайларынан қорғау іс-шаралар туралы «Төлеби су Шаруашылығы» МКК директоры Нысанбаев Жасар Тұрашұлы баяндама жасады.
Аудан аумағында негізгі жылу беруші Төлеби ауданы әкімдігінің «Төлеби су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына қарасты Ленгір қаласындағы 2 жылыту қазандығы. Қазіргі таңда бұл мекемелер жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қысқы кезеңге дайын.
Аудан басшысы Омарбеков Бауыржан Бақытұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қала, ауылдық округ әкімдеріне және тиісті мекемелердің басшыларына сұрақтар қойып, тапсырмалар берді. Сондай ақ, бүгінгі мәжілістегі қаралған, хаттамаға түскен мәселелердің орындалуын қадағалануын тапсырды. Есіркепов Бақытғали Қырғызбайұлына айтылған мәселерді бір күнді белгілеп, бірге барып, көріп, тексеруді ұсынды.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*