СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРДЫҢ 40 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 9 айында 30 436 отбасыға (173 620 адам) жалпы сомасы 12769 млн.теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бүгін бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді.
Сонымен қатар, басқарма басшысының айтуынша, шартты ақшалай көмек алушылардың өз кәсібін ашу үшін кіші бизнес жобалар әзірленіп, нәтижесінде 15 127 отбасы 17 мыңға жуық ірі қара мал және 14 500 уақ мал алып, 1689 отбасы құс шаруашылығымен шұғылданып отыр. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету арқылы жалпы 15 127 отбасы ішінен 2580 адам өз ісін ашқаны жөнінде айта кету қажет.
«Айта кетерлігі, республиканың солтүстік өңірлеріне халықтың өз еркімен қоныс аударуы жанданып келеді. Аталған кезеңде облысымыздан 263 отбасы, яғни 1112 адам  қоныс аударып, тиісті төлемдерді алып жатыр. Өз кезегінде бұл көрсеткіш республика бойынша солтүстікке қоныс аударған адамдардың 40 пайызын құрап отыр», — деді Мұхит Баймұханбетұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*