Шымкенттің әкімі Ғ.Әбдірахымов, келер жылы қаладағы автобус мәселесін түбегейлі шешпек

Шымкент қаласында қазірде 27 жолаушыларды тасмалдаумен айналысатын компания 80 бағытта шаһар тұрғындарына қызмет етіп отыр. Бір күнде шымшаһарда шамамен 1200 автобус шымкенттіктерге қызмет көрсетеді екен. Бұ жөнінде Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы  Қуатжан Жұматаев хабарлады.

«Бүгінде біздің қалада жолақы тарифы 70 теңге. Бұл баға 2016 жылы 1-мамырда бекітілген болатын. Біздегі бағаны еліміздің өзге қалаларымен салыстырғанда, Астана, Өскемен, Қызылорда қалаларында 90 теңге. Алматы, Қарағанды, Атырау, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Павлодар, Семей қалаларында 80 теңге. Тараз қаласында болса, 65 теңгені құрап отыр. Ал, біздегі тасмалдаушы компаниялардың есебі бойынша, бір адамды діттеген жеріне жеткізу құны 180-190 теңгеге жетіп отыр. Оның біршене себебі бар. Қосалқы бөлшектер 2016 жылмен салыстырғанда 20-30 пайызға өсіп отыр. Жанармай болса 186 теңгеге жетті. 2016 жылы дизель 92 теңге болған. Яғни, 100 есеге өскен»,- дейді басқарма басшысы.

Десе де, тасмалдаушы компаниялар ұсынған шығын көлемі, әкімдік қызметкерлерінің зертеу қортындысымен сай болмай шықты. Жауапты басқрамадағылар бүгінде 1 азаматты тасмалдау компанияларға 180-190 емес, 150-160 теңгеге шығын әкеледі деп қортынды шығарған. Бұл мәселені қалалықтардың қалтасына салмақ салмай шешуге болатын көрінеді. Жуырда қабылданған заңға сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігі жолаушы тасмалдаушы компаниялардың біраз шығынын субсидия беру арқылы өтей алады екен. Қуатжан Әзімбайұлының айтуынша, ол үшін тасымал қызметімен айналысатындар өздерінің шығыны мен табысын нақты көрсетуі тиіс.

Өз кезегінде қала басшысы қоғамдық көліктердегі тасымал құнын көтеруден бірден бас тартты. «Ол жайлы сөз болуы мүмкін емес»,- деп кесіп айтты. Осы орайда Әбдірахымов,  қоғамдық көлікте қатынау құнын шымкенттіктер мен қала қонақтарына екі түрлі бағада бекітуді ұсынады. Қазір әкімінің тапсырмасы бойынша «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қала тұрғынынң картасын жасап жатыр. Шаһар тұрғындары сол карта арқылы Шымкенттегі коммуналдық қызмет, автотұрақ секілді өзге де қызмет түрлеріне төлем жасай алатын болады. Мысал ретінде айтар болсақ, қолында картасы бар шымшаһарлық автобуста жолақысына 70 теңге төлер болса, қалаға келген қонақ 150 теңге төлейтін болады.

«Менімше бұл әділетті! Біз бірінші кезекте қала тұрғындарына жағдай жасауымыз керек. Әкімдік шымкенттіктерге лайықты, ыңғайлы жағдай жасауға тиіс»- деген қала әкімі, келер жылы шаһардағы қоғамдық көлік мәселесі түбегейлі шешуді көздеп отыр.«Келесі жылы біз қалаға мың автобус аламыз деп жоспарлап отырмыз. Оның бәрін біз «СПК» арқылы аламыз. Бәрі 10-8 метрлік үлкен автобустар. Бұл жаңа техниканы қаладағы жолаушы тасмалдайтын компанияларға лизинг арқылы беруге мүмкіншілік бар. Бірақ, бізде тасмалдаушының жаңа техниканы күтіп ұстайтын базасы болу керек деген сияқты өзіндік шарттарымыз болады. Мың автобус дегеніміз ол қаладағы бүкіл транспорт мәселесі шешіледі деген сөз. Бірінші жарты жылдықта 300 аытобус келеді. Қалғаны екнші жарты жылдықта жеткізіледі»,- дейді Ғабидолла Әбдірахымов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*