
Қазақ эстрадасының шоқ жұлдызы Қайрат Нұртас пен «Кешю» тобының экс-әншісі Айдана Меденованың «Бақытты жандармыз» әніне бейнебаян түсірілген. Бүгін су жаңа клипті ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің «фэйсбук» парақшасында жариялады — деп хабарайлды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
«Достарым, сіздермен «Бақытты жандармыз» композициясына түсірілген бейнебаянмен бөліскім келіп отыр, оның авторы өзім, сөзін жазған Асқар Дүйсенбі. Шығарманы таныстыруды қажет етпейтін жас, дарынды, танымал әншілер Қайрат Нұртас пен Айдана Меденова орындайды. «Бақытты жандармыз» сіздерге ұнайды деген үміттеміз. Жанға жағымды болсын»,- деп жазады министр.
Пікір қалдыру