Мақтааралдың бірнеше ауыл әкімі тәртіп жазаға тартылмақ

22 ақпан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті, деп  хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Кеңес отырысында 14 лауазымды тұлғаның тәртіптік ісі қаралып, отырыс қорытындысымен Әдеп кодексінің талаптарын сақтамаған 8 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылып, ал қалған 6 қызметкерге қатысты қозғалған тәртіптік іске тәртіптік жаза қолдану мерзімі өтуіне байланысты тоқтатылған.

Тәртіптік жаза қолдану ұсынылған лауазымды тұлғалар қатарында мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын сақтамаған Отырар ауданының білім бөлімінің басшысы Ж.Мұсатаеваға, Арыс қаласының білім бөлімінің басшысы Ә.Мұсаевқа және Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы М.Абишевке «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы ұсынылды. Ал, Жер заңнамасының талаптарын сақтамаған Мақтарал ауданының бірқатар ауыл әкімдері олар, Еңбекші ауылы әкімі Б.Агенов, А.Қалыбеков ауылы әкімі М.Битеміров, Мырзакент кенті әкімі М.Ердешов және Атакент кенті әкімі С.Азимовке «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылса, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін сақтамаған Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары А.Ахметовке «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы ұсынылды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*