Шымкент қаласындағы Қаратау ауданында төтенше жағдайға байланысты арнайы әскери мамандардың көмегімен халық көп шоғырланатын аумақтарға тұрақты түрде дезинфекция жұмыстары жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, әр төрт күнде бір рет барлық шағынаудандар мен тұрғын алаптарда залалсыздандыру жұмыстары жүруде.
Айта кету кереку, көпқабатты тұрғын үйлердің дәліздері, жеделсатылары және тұрғын үйлердің аумақтары химиялық өңдеуден өтуде.
«Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын көмекке аса мұқтаж 6101 азаматтың есеп-шотына 50 мың теңге көмек аударылды. «Nur Otan» партиясы филиалымен бірге «Қайнарбұлық» саяжайы, «Қайнарбұлақ», «Достық», «Бозарық» тұрғын алаптарындағы барлық тұрғындарға 272 мыңнан астам бетперде таратылды.
Демеушілердің қолдауымен аз қамтылған 400 отбасыға ұн мен тауық еті таратылды.
«Мега Фарм» мекемесімен келіссөздер жүргізіп, тұрғындарға 6 мың бетперде тегін үлестірілді.
Айта кетейік, бүгінде Қаратау ауданындағы 24 шағынаудан мен тұрғын алапта 247 мыңнан астам тұрғын тұрады. Ауданда 416 көпқабатты, 47202 жеке үй бар.
Пікір қалдыру