Шымкенттіктер 1-мамырдан бастап саяжайға бара алады

Шымкенттіктер мамырдың 1-нен бастап саяжайларға баруына болады.  Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтылды деп хабарлайды Күнгей.кз ақпараттық агенттігі. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, шымкенттіктерге саяжайға шығу уақыты шектеулі. Яғни қалалықтар өз саяжайына  таңғы сағат 6.00-ден кешкі 21.00-ге дейін бара алады.

«Шымкенттіктер қала аумағындағы саяжайларына күн сайын таңғы сағат таңғы 6-00-ден кешкі 21:00-ге дейін бара алады. Бірақ азаматтардың атына тіркелген саяжай учаскесінің бар екенін растайтын құжаты болуы тиіс. Бұл ретте саяжайлар кіру блокпостарының ведомствосына кіретін аумақта болуы қажет. Егер саяжай қала аумағынан тыс болса, онда кіруге рұқсат берілмейді,» — деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Айта кету керек, еліміздің үшінші мегаполисінде 1 мамырдан бастап бірқатар қызмет көрсету, сауда салалары мен қаржы ұйымдары іске қосылмақ. Ол жерде қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*