Шымкент: коммуналдық төлемді алу үшін 23 884 өтінім түскен

Шымкент қаласында коммуналдық төлемді алу үшін тұрғындардан 23 884 өтінім кеп түскен. Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау мақсатында іске қосылған Сommunal-komek.kz интернет платформасына 23 884 өтінім келіп түскен. Қиналған шақта мемелекеттен осындай көмекті алуға,  15 000 теңге коммуналдық төлемге қол жеткізуге ниетті  барлық азаматтардың өтінімдері тексеріліп жатыр. Қалада өтінім берген азаматтардың сұрақтарына жауап беріп кеңес беру үшін арнайы call-орталық құрылған.

15 000 теңге көлеміндегі коммуналдық төлемге қатысты қала тұрғындарына кеңес беру үшін 29 сәуірден бастап 8(7252) 39-23-68 сымтетігі бойынша 10 байланыс каналынан тұратын Call-орталығы жұмыс істеп тұр.

­

Байланыс нөмірлері әр аудан бойынша төмендегідей:

Абай ауданы: 8-778-171-00-28, 8778-471-10-45

Еңбекші ауданы: 8-778-171-00-37, 8-778-171-00-47, 8-778-471-10-29

Әл-Фараби ауданы: 8-778-171-00-56, 8-778-171-00-51, 8-778-471-10-57

Қаратау ауданы: 8-778-171-00-76, 8-778-171-00-26, 8-778-471-10-49.

Айта кету керек, орталыққа қоңырау шалып, кеңес сұраған қазірге дейін 12 мыңнан астам азаматтың сұрақтарына жауап берілді.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*