Шымкент: Тұрғындардың сұрақтарына видео қоңырау арқылы жауап берілді

Бүгін Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы азаматтарды түрлі мәселелері бойынша онлайн қабылдау ұйымдастырды.

Алдын-ала әлеуметтік желілер арқылы жарияланған хабарландырулар арқылы 30-дан астам қала және шет аймақ тұрғындары тіркелген. Олар мәселелері мен байланыс номерлерін көрсетілген номерге жолдау тәсілімен тіркелген.

Басқарма басшысы Береке Дүйсебеков:
— Карантин әсерінен кейбір үрдістер өзгеріске ұшырап, тұрғындарда сауалдар көптеп туындауда. Маған жекеге көптеген қоңыраулар мен хабарландырулар келеді. Ол тек таныстарымнан. Дәл сондай сауалдар мен мәселелер өзге тұрғындарда да бары анық. Сол себепті бүгін басқарма басшысы ретінде тіркелген барлық азаматтарға видео қоңырау шалу арқылы байланысқа шығып, мәселелерін тыңдадым. Мәселелерін құзіретіміз жеткенінше шешіп, кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін кеңінен түсіндірдім. Ең көп туындаған сауалдар – карантин режиміндегі кәсібі тоқтап тұрған нысандар мен дағдарысқа ұшыраған кәсіпорындарға берілетін мемлекеттік көмектер, 1 пайызбен берілетін кредиттер мен кәсібін ашқысы келетін жастарға берілетін гранттар және қала аралық блок-посттардан өту мәселесі турасында болды. Басқарма басшысы онлайн қабылдау жүйесі алдағы уақытта да жалғасын табатынын, бұл әдіс қабылдауға жазылушылар үшін әрі тиімді, әрі қолжетімді екенін атап өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*