Шымкент: Жаңа қоқыс жәшіктері орнатыла бастады

Шымкент қаласында жаңа қоқыс тастау орындары салынып жәшіктер орнатыла бастады. Еліміздің үшінші мегаполисінде қоқыс шығару жұмысына жаңарту енгізу туралы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жоғарғы және Төменгі Отырар шағын ауданы мен Түркістан көшесінде қоқыс шығару қызметіне жаңартулар енгізіле бастады. Мәселен, пилоттық жоба ретінде Нұрсат 126 үй маңында орналасқан қоқыс алаңшасы жаңартылды. Алматы көшесінің әрбір тұрғынына көлемі 0.24м3 болатын 25 дана пластмаст материалынан жасалған қоқыс жәшігі таратылды.  Көшеров көшесіне 35 дана және Жанқожа көшесіне 25 данасы таратылды. Жоба «Эко спец транс» және «МПЗ Green Line» ЖШС-мен бірге жасалуда. Алдағы таңда қала бойынша жобаны енгізу жоспарда бар. Еліміздің үшінші мегаполисінде тазалық сақталып, коммуналдық шаруашылықтың жұмысын ары қарай да ширатыла түсері сөзсіз.  Жаңа қоқыс жинау орындары мен контейнерлері Шымқаланың шырайын арттыруға атсалысары сөзсіз. Қала тұрғындары тарапынан тазалық сақтауға енжарлықпен қарамағаны абзал. ­

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*