Шымкент: Маусым айында 14 184 адамды короновирус инфекциясына тестілеуден өткізу жоспарланған

Шымкент қаласында маусым айында 14 184 адамды короновирус инфекциясына қарсы тестілеуден өткізу жоспарланып отыр. Еліміздің үшінші мегаполисінде сəуір мен мамыр айында инфекцияға қарсы тестілеуден 23039 азамат өту жоспарланған. Бұл меже артығымен орындалыған. Нақты айтқанда, 23975 адамнан тест алынған. Ал осы ай, яғни маусым айының ішінде 14184 адамды тексеруден өткізбек.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша төмендегі тізімде көрсетілген азаматтар коронавирус инфекциясына қарсы жоспарлы тестілеуден өткізілген:

1)COVID-19 провизорлық стационарға жатқызылған адамдар;
2) ЖРВИ және пневмониясы бар науқастар;
3) COVID-19 жұқтырғандарынан 14 күнге дейін (үй карантинімен) жақын байланыс деректері анықталған кезде және карантин аяқталғаннан кейін;
4) Контакт фактісі анықталған кезде науқастармен әлеуетті байланысы бар адамдар;
5) респираторлық белгілері бар медицина қызметкерлері;
6) клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаториялық емдеуде және БМСК-ның медициналық бақылауындағы COVID-19 науқастар.

Айта кету керек, эпидемиологиялық көрсеткіштер жергілікті жердің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Коронавирус қауіпті екені қаперіңізден шықпасын!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*