Шымкент: Төтенше жағдай кезеңінде өндірісін тоқтатпағандар

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы мен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дүйсебеков Береке Талғатұлы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, өндірістік нысандардың төтенше жағдайдағы жұмыс қарқынымен танысып қайтты.

«ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймағы — жалпы аумағы 200 га құрайды. Аталған аймақта құны 29,9 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба жүзеге асырылып жатыр. Аталған арнайы экономикалық аймақта 1 630 жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 2020 жылдың ақпан айында «СП «Lux Shoes» ЖШС-ның аяқ киім табандарын шығару жобасы іске қосылып отыр. Нәтижесінде мұнда 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін «B.A.E.R.» ЖШС – Дәкеден таңу материалдар өндірісі жобаның жүзеге асырылуы жоспарланып отыр. Осы сынды жүзеге асырылып жатқан жобалардың тыныс-тіршілігімен танысып шыққан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы өндіріс орындарының төтенше жағдай кезеңіндегі жұмыс қарқынына қанық болды. Алдағы уақытта да сапалы, нәтижелі, жүйелі жұмыс істеп, өндіріс қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*