ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 120 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАРҒА 4 ТОҚСАНДА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

Түркістан облысында 120 мыңнан астам азаматқа 4 тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады.

22 мың отбасыдағы 120 мыңнан астам облыс тұрғындарына, IV тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі — АӘК) тағайындау, олардың мемлекеттік мекемелерге жүгінуінсіз автоматты түрде ұзартылады. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығы ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде қабылданды және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Бұл шара ауылдық әкімдіктерде және жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың жаппай жиналуының алдын алады, осылайша азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады.
Бірінші рет жүгінген кезде жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында қажетті деректерді тексереді. Сонымен бірге учаскелік комиссиялар АӘК тағайындауға өтініш берушілерге мессенджерлер арқылы сауалнама жүргізеді, барып тексеріс өткізбейді. АӘК өтінімдерін жаңарту кезінде кірістердің белгілі бір түрлері ескерілмейді.
Бұған дейін АӘК алушыларына төтенше жағдай мен шектеу шараларының себебінен II және III тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылған болатын.АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының әрбір мүшесі үшін аймақтық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалатынын еске саламыз. Түркістан облысында аз қамтылған азаматтар қатарынан барлығы 176,8 мыңнан астам АӘК алушы бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*