ТҮРКІСТАН: ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

 

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен ағымдағы жылы Түркістан қаласы мен Отырар ауданын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-84 «Түркістан-Балтакөл» автомобиль жолының 6-19 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Азрет-жол құрылысы» ЖШС-нің тарапынан жүргізілуде. Нысан бойынша техникалық қадағалаушы мекеме «Оңтүстік жолдары» МКК.
Аталған нысанға сметалық құжаттама әзірленіп, 2018 жылдың 13 наурызында №296 санды ведомстволық сараптама қорытынды алынған. Нысанның техникалық (сметалық) құжаттамасында 13 шақырым жол негізін (ресайклер) салу, 13 шақырымға бір қабат ұсақ түйіршікті асфальтобетон (6 см) жамылғысын төсеу, жол бойындағы Теке елді мекені аумағына 1200 метр аяқ жол салу жұмыстары қарастырылған.
Әлеуметтік желілердегі бейнежазбаға байланысты, басқарма мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жолдың 13,7 шақырымында жол негізіне битум қоспасы себілмей мердігер тарапынан 30 метр (180 м3) асфальтобетон жамылғысы төселгені анықталды. Бұл жөнінде акт түзіліп, техникалық қадағалаушы өкілімен расталып, нәтижесінде жалпы ұзындығы 100 метр (600 м 2 ) асфальтобетон жамылғысы бұзылып, мердігер есебінен толық қайта салынды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*