ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТАҢҒАЖАЙЫП ЭТНОАУЫЛ АШЫЛДЫ

 

Түркістан қаласында этноауыл экспозияциясы ашылды. Бұл жоба өткен ғасырлардың тарихынан сыр шертетін Қ.А.Яссауи мұражай-мемориалдық кешенінің органикалық жалғасына айналды деуге болады. Себебі, мұнда келген жан қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және мәдениетімен анағұрлым жақынырақ танысады.
Өткен замандарға өтіп кеткендей күй кештіретін этноауылдың сиқыры кіреберісінен басталады. Мұнда келген алғашқы қонақтарды ұлттық нақышта киінген шығыстың сұлулары мен батырлары күтіп алды. Сондай-ақ, күш сынасқан жас палуандар қазақ халқының сонау замандардан спортқа қаншалықты бейімді болғанын көрсетті. Ал, балалар жағы асық атып, тоғызқұмалақ ойнаса, абыз ақсақалдар салиқалы ойларымен бөлісіп өмірдің мәнін ұғындырып жатты.
Сондай-ақ, шара барысында еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы шақыртылған қолөнер шеберлері дайындаған ұлттық киімдер мен бұйымдардың таңғажайып түрін көрсетті. Олар қазақ әйелдері мен қыздарының киімдері әр аймақта несімен ерекшеленетінін түсіндірді. Одан бөлек, осы көшенің бойында бидің төрелік етуімен қос тараптың арасында туындаған дау да шешіліп жатты.
Ары қарай жүре түссеңіз, ортағасырлық сауда-саттың көшесіне өтесіз. Мұнда шеберлер сізге қышпен, ағаш және металмен тұрмыстық бұйымдарды қалай жасау керектігін, сондай-ақ ежелгі тоқыма станогында кілем тоқуды, былғары өндіруді үйретеді. Этноауылға келген әрбір жан шебердің жасаған бұйымдарын өз қолдарымен істеп көруіне болады.
Сонымен қатар, базарда бүгінге дейін жеткен және ұмытыла бастаған көшпенді халықтың ұлттық сусындар дайындалып, қонақтарға тарту етіледі. Және ерте ортағасырлардағы кейіпкерлер қарттарға, әйелдерге және жас аналарға күш беру үшін берілетін тағамдардың дайындалу рецептін және оның адам денсаулығына пайдасын түсіндірді. Бұдан басқа, қонақтарға қой союды, жаңа сойылған қойдың еті мен ішегінен жасалатын жөргем, жаужүрек деген тағамдардың дайындалу жолы мен мән-мағынасы айтылды. Сондай-ақ, келушілерге таба нанның түрлері мен табиғи өнімдерді қоспа ретінде пайдаланылған дәмі тіл үйіретін құрттар да ұсынылды.
Ұлттық тағамдардан дәм татқан қонақтар ары қарай этноауылдың төрінде ерекше безендірілген Ханның киіз үйіне де барды. Сол маңынан жаттығып жүрген садақшылар мен батырларды, бүркіттер мен тазыларды тамашалады.
Сондай-ақ, бұл этноауылдан қазақ халқының ежелден келе жатқан отбасылық іс-шаралардың түп нұсқасын да көруге болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*