Әділетті Қазақсатнның қалыптасуына ат салысу — әрбіріміздің азаматтық борышымыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған реформалардың мақсатты орындалуына, әділетті Қазақстанның қалыптасуына ат салысу — әрбіріміздің негізгі азаматтық борышымыз. Тірліктің де, берекенің де, жетістіктің де бастауы — бірлікте. Сондықтан да, біздер еліміздің өркениетті мемлекет болуына, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетін нығайтуға күшімізді біріктіруіміз қажет.

Бұл тұрғыда, мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, сондай-ақ, AMANAT партиясының қалалық мәслихаттағы фракция мүшесі ретінде референдумның өзгерістерге бастар негізгі баспалдақ екендігін елге түсіндіруді жалғастырып жатырмын.

Конституциялық реформа саяси партиялар арасында бәсекелестікті қалыптастырып, азаматтардың ел дамуына атсалысуына үлкен мүмкіндік береді. Саяси партияны тіркеу үшін қолдаушылардың саны 5 мың адамға дейін қысқаруы оң өзгерістерге әкеледі. Әсіресе, жаңа партия құрудағы жеңілдіктер халықтың саяси белсенділігін арттырады.

Бұның барлығы алдағы уақытта саяси партияға бірігемін деген азаматтар үшін, жаңа партия құрамын деген азаматтар үшін де жасалып жатқан оң өзгерістер, біздің мемлекетіміз де жаңа партиялардың құрылуына және қазіргі бар партиялардың да жаңаша форматта жұмыс істеуіне алып келетін болады.

Ата Заңымызға енгізгелі отырған өзгерістер аға буынның бірлігінің арқасында, жас ұрпаққа кемел келешек сыйлайтынына сенімім мол.

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*