«1200-ден астам кездесу». Парламент Мәжілісі «AMANAT» фракциясының мүшелері өңірлерді аралады

Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қ.Қ.Тоқаев партияның кезектен тыс ХХІ Съезінде депутаттардың азаматтармен тікелей кездесуінің маңыздылығын ерекше атап өтті. «Сайлаушылармен тікелей диалог құру, тұрақты түрде азаматтармен кездесу аса маңызды, осы орайда шалғайдағы ауылдарға бару керек. Депутаттық сауалдар формализмнен аулақ болып, олардың мазмұны нақты мәселені қамтып, тұрғындар проблемасын көрсетуі керек»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Парламенттің заң шығару қызметін түсіндіру бойынша өңірлердегі көшпелі жұмыс аясында депутаттар – «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшелері 766 елді мекенде болып, 1 200-ден астам кездесу өткізді.

▶️Бұл туралы «AMANAT» партиясының жаңа баспасөз орталығында өткен баспасөз маслихатында халық қалаулылары Альберт Рау, Жұлдыз Сүлейменова, Екатерина Смышляева және Берік Оспанов айтты.

▶️Түсіндіру жұмыстарынан басқа, депутаттар жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп азаматтарды жеке қабылдады. Барлығы 2,5 мыңнан астам өтініш қаралып, олардың 321-і бірден оң шешімін тапты.

▶️ Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша 1 209 түйінді мәселе анықталды. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің көпшілігі әлеуметтік салаға, атап айтқанда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты болды.

Сондай-ақ, азаматтар ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті қолдау, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және т.б. мәселелерді көтерді.

◽️«Мысалы, шалғай ауылдардың тұрғындары «Медициналық пойыз» жобасын қайтару туралы өтініштерін білдірді. Алдын-ала немесе күрделі тексеруден өту үшін ауыл тұрғындары аудан орталығына баруы қажет. Алыс қашықтыққа, жолдардың сапасы мен азаматтардың мүмкіндіктеріне байланысты әркім аудан орталығына бара алмайды. Депутаттар бұл бағытта үкіметпен бірлесіп жұмыс атқарды. Енді 2022 жылдың мамыр айында медициналық пойыз іске қосылады», — деді Е.Смышляева.

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*