ӘКІМ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҮРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің аудан тұрғындарымен есепті кездесуі жалғасуда.
Бүгінгі кездесуге Әл-Фараби ауданындағы 6,7-сектордың 500-ден аса тұрғыны келді. Одан бөлек, халық қалаулылары, қоғамдық кеңес мүшелері мен жергілікті атқарушы орган басшылары да қатысты.
Жиында шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылуы туралы баяндап, осы жылғы жоспарларды мәлімдеді. Ал аудан әкімі Рашид Мыңбаев ағымдағы жылы аумақта атқарылар жұмыстар бойынша айтып өтті.
6 және 7 сектор — Республика даңғылы, Ә.Жангелдин көшесі, «Химфарм», «Забадам», «Сәуле» (195, 275, 276 орамдар) шағын аудандары, «Текесу» мен «Ақтас» елдімекендерін қамтиды.
Биыл «Сәуле» ш/а Жаңабазар көшесіндегі 40-тан астам үй және «Текесу» тұрғын алабы ауыз сумен, «Сәуле» шағын ауданы 276-орам табиғи газбен қамтылатынын айтты.
Мұнда барлығы 164 көше бар: 103 көше асфальтталған болса, 61 көшеге шағал тас төселген. 2025 жылға дейін тас жолдардың мәселесі толығымен шешіледі деп жоспарланған. Өткен жылы 1,2 шақырымды құрайтын 2 көше асфальтталған.
Қаланың, аумақтың даму бағыты баяндалған соң тұрғындар қала әкіміне сұрақтарын қойды. Шалғай орналасқан елдімекендер жарықтандыру, ойын алаңшалары, интернет мәселесін көтерді. М.Әйтенов әрбір мәселеге жеке тоқталып, басқарма басшыларына тиісті міндеттер жүктеді.

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*