«ЕҢ ТӘТТІ» ФЕСТИВАЛЬ

«AMANAT» партиясы фракциясының  мүшесі ретінде, қалалық мәслихат депутаты ретінде қала күніне орай өткізіліп жатқан түрлі іс-шаралардан хабардармын. Солардың бірі Шымкентте қала күні мерекесіне орай екі күнге жалғасатын «Balmuzdaq Fest» фестивалі басталды. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан іс-шараға қаладағы 35 кәсіпкер өтінімін білдірген. Оның ішінде, балмұздақ, салқын сусындар мен тағамдар бар. Қала үшін айтулы күнге орай гастрономиялық туризмді дамытып жүрген кәсіпкерлер балмұздақтардың сан түрін әзірлеп, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына ұсынуда. Одан өзге, келушілер арасында конкурстық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар үшін сыйлықтар әзірленген. Онда ресторандарға арналған жеңілдіктер мен тегін тамақтану мүмкіндігі қарастырылған.

Шымкент қаласын еліміздің гастрономиялық орталығына айналдыру мақсатында жүзеге асқан фестивальде тіскебасарлар ғана ұсынылып қоймай, келушілер үшін концерттік және балалар үшін аниматорлық, ойын-сауықтық бағдарламалар ұсынды.

 

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT»  партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*