ЖОПАР КӨП, МАҚСАТ — БІРЕУ

Шымкент-ең жас мегаполис қана емес, жастар көп шоғырланған қала деуге де болады.  Сондай-ақ,  бүгінгі таңда республиканың қуатты қаржылық, инновациялық, мәдени орталығына және Қазақстанның тұрақты даму сатысындағы ірі мегаполистердің біріне айналды. Шымкенттің Қазақстанның үшінші маңызы бар қаласы атанғанына 4 жылдан асты. Осы уақыт аралығында түрлі қиындықтарды еңсеріп, жеткен жетістіктер де аз емес.

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қалалық сайлауалды бағдарламасының орындалу барысна тоқтала өтер болсам: алғашқы жылдың жоспары толығымен орындалды деуге болады. Тіпті, кей салаллар бойынша артығымен орындалғындары да бар.

2021-2025 жылдар аралығын қамтитын қалалық Жол картасында бекітілген жоспарда 10 бағыт бойынша 149 шара қамтылған. Осы аталған шаралардың ішінде былтырғы жылы жоспарланған 122 шараның орындалуы қажет 112-сі бойынша қалада ауқымды жұмыстар атқарылды.

Партияның алға қойған міндеттерінің бірі – тұрғындарды жұмыспен қамту және халықтың әл-ауқатын арттыру. Әрі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Осы мақсатта өндіріс пен қайта өңдеу және қызмет көрсету салалары бойынша жобаларды жүзеге асыруда «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында 1591 жобаға қолдау көрсетілді.
Қала тұрғындарын сапалы таза ауыз су, сапалы жол, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарымен қамтамасыз ету – партияның сайлауалды бағдарламасында алға қойып отырған негізгі міндеттерінің бірі. Бұл бағытта былтыр қала бойынша магистральдық желілердің құрылысына бюджеттен 4,8 миллиард теңге бөлінген болатын. Ұзындығы 4,48 шақырым магистральдық су құбырының құрылысы аяқталып, ел игілігіне ұсынылды. Бұдан бөлек, 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 250 аялдама орнатуды жоспарлаған болатын. Қазіргі уақытта 220 аялдама орнатылып, қалғанын жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тұрғын үй аулаларындағы ойын алаңдары мен ашық жаттығу орындарын абаттандыру мәселесі де – партияның тұрақты назарында. Бұл бағытта Абай ауданы бойынша көп қабатты тұрғын үйлердің 32 ауласын абаттандыруға және балалар ойын алаңын орнатуға 691,1 млн. теңге бөлінсе, Еңбекші ауданы бойынша 41 ауланы абаттандыруға және балалар ойын алаңын орнатуға 695,7 млн. теңге қарастырылды. 579,1 миллион теңге Қаратау ауданындағы 54 көп қабатты тұрғын үй ауласын абаттандыруға және балалар ойын алаңын орнатуға бөлінсе, Әл-Фараби ауданы бойынша 85 тұрғын үй ауласын абаттандыруға және балалар ойын алаңын орнатуға 572,1 млн. теңге бөлінді. Жалпы, қала бойынша 212 көп қабатты үйдің ауласы балалар үшін ойын алаңдарымен жабдықталды. Сонымен қатар, бүгінге дейін қала бойынша 117 спорт алаңшалары ашылып, ел игілігіне берілді.

Жоспар көп, мақсат — біреу. Жұдырықтай жұмыла жұмыс істесек, нәтиже болады.  Партияның жылдық жоспарын бір кісідей ат салысып орындасақ қаламыздың қарыштап  дамиды. Инвесторлар мен туристер ағыла келетін мекенге айналарына сенімім мол. Миллиондардың шырайлы шаһарына айналған Шымкенттің туған күні құтты болсын!

 

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшес

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*