ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша дайындалған бағдарламасының іс жүзінде орындалуын ел тұрғындарына арнайы хабарлаймын. Солардың бірі қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшасын орнату.  Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов құрылыс нысандарын тексеру барысында бірқатар ойын алаңшаларын аралады.

– Ә. Молдағұлова № 44 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы салынып жатқан балалар ойын алаңшалары. Қауіпсіз ойын элементтері орнатылуда. Шілде айында пайдалануға беріледі.

Жалпы Абай ауданындда бұл жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 ауланы абаттандыру және 10 спорт алаңшасын салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Толық аяқталғаннан кейін тұрғындарға пайдалануға беріледі.

 

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*