ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

Шымкент қаласында тұрғын үй мәселесі қазіргі күннің басты тақырыбына айналғаны белгілі. 49 мыңнан астам азаматтар үйдің кезегінде тұр. Сондықтан осы аталған мәселенің шешімін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде нақтылап айтып өтті. Яғни, биыл да бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй беру жоспарланып отырғанын айтты. Бұл мегаполис үшін қуанарлық жағдай. Фракция жетекшісі ретінде қала әкімінің жасап жатқан жұмыстарын жоғары бағалаймын.

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты ретін қала тұрғындарының баспана мәселесін жол картасы тармақтарынан орындалу барысын байқап жүрдік.
Өткен жылы қалада бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй берілген болатын. Биыл да осы межеден асу жоспарланып отыр (1060 мың ш.м, өсім — 4,7%). Оның ішінде бюджет есебінен 51 көпқабатты тұрғын үйді (2972 пәтер, 239,3 мың ш.м) пайдалануға беру жоспарлануда (31 үй– кредиттік (1 652 пәтер, 140,5 мың ш.м), 20 үй – арендалық (1320 пәтер, 98,8 мың ш.м)).
Сонымен бірге, баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 500 млн. теңгеге 500 тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылды. Одан бөлек, қала тұрғындарының ұсынысы бойынша 18 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жүргізілуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен көпқабатты тұрғын үйлердің бірлестіктері немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформа іске асырылды. «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесін Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің 100 пайызы енгізді.

 

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*