ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫ ЖАҢА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАУДЫ ҰСЫНДЫ

Партия сіздердің барлық сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайын. Бүгінгі талқылау – жаңа салық жүйесін қалыптастыру жолындағы стратегиялық міндеттерді шешудегі үлкен бірлескен жұмыстың бастамасы.

Бұл туралы «АMANAT» партиясының Төрағасы, парламенттік фракция жетекшісі Ерлан Қошанов салық заңнамасын жетілдіру мәселелеріне арналған жиында атап өтті.

– Мемлекет басшысы алға қойған басты міндет – тұрақты және болжамды салық жүйесін қалыптастыру. Яғни, нақты тапсырма берілді. Ол – салық заңнамасын негізгі параметрлерге сәйкес тұрақтандыру. Бұл, ең алдымен, бизнесті қолдау, оның салық ережелерінің үнемі өзгертілуі салдарынан зардап шекпеуі үшін қажет, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Ерлан Қошанов Үкіметтің қосылған құн салығы (ҚҚС) және корпоративтік табыс салығы (КТС) мөлшерлемелерін арттыру туралы ұсынысына түсінік бере отырып, тұрақтылық көлемде емес, ол орта мерзімді инвестициялық кезеңге, мәселен, кемінде 3 жылға арналған мөлшерлемелердің тұрақтылығын білдіретінін атап өтті. Бұл инвесторларға да, кәсіпкерлерге де түсінікті болар еді.

Партия Төрағасы салықтық әкімшілендіру үдерісін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігіне де назар аударды.

Сонымен қатар Ерлан Қошанов салық салудың сервистік моделіне тоқталған алымдар мен төлемдердің көпшілігі автоматтандырылып, проактивті форматта жүзеге асырылуға тиіс екенін айтты. Бұл ұзаққа созылып келе жатқан салық жүйесін цифрландыру аяқталғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Салық саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиынға Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рүстем Жүрсінов те қатысты.

«Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы  Райымбек Баталов депутаттар алдында салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі палата ұсыныстарын ортаға салды. «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығының өкілі Роман Юртаев салық жүйесінің тұрақтылығы мен ашықтығы туралы айтты.

Өз кезегінде «АMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде кез келген салада салық жүйесінің тиімділігін арттыруды қолдаймын.

 

 

Ерлан Қошановтың айтуынша, қазір Үкімет салық саясатының жаңа тұжырымдамасы бойынша жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты Мәжіліс спикері күзге дейін бүгін партия алаңында айтылған барлық ұсыныстарды ескеру қажеттігін айтып, оны Мәжіліс жанынан құрылған Қоғамдық Палата отырыстарының бірінде ашық талқылауды ұсынды.

 

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*