РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің ZOOM форматында кезекті отырысы өтті. Отырысты кеңестің төрайымы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Закиева жүргізіп отырды.
Отырысқа «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов, тиісті басқармалардың өкілдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, полиция өкілі және Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары әрі қалалық филиал жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрайымы ретінде менде қатыстым.
Кеңестің күн тәртібінде Маусым – шілде айларында өмірлік қиын жағдайға түскен отбасыларға көмек көрсету жөніндегі жедел әрекет ету топтарының жұмысы туралы мәселе қаралды.
Жиында кеңестің төрайымы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Закиева баяндама жасады. Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша да баяндама жасалынып, ұсыныстар айтылды.

 

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*