2025 жылға дейін біршама азаматтардың еңбекақысы көтерілетін болады

Шымкент  қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының мүсесі ретінде әлеуметтік сала, білім мен медицина қызметкерлерінің табысы өсетінін хабарлағым келеді.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында осылай деген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметпен бекітілген «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» сәтті орындалып келетінін айтты.

«Биыл қаламызда «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 24 мыңға жуық мұғалімнің еңбекақысы 25 пайызға, 17 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы
20 пайызға, денсаулық сақтау және спорт салаларында еңбекақы 25 пайызға өсті»,-деді қала әкімі.

Жалпы Шымкент қаласында 2022 жылдың І тоқсанында орташа жалақы 23,3 пайызға өсіп, 216867 теңгені құрады.

 

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*