ҚАЛАМЫЗДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 5 КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ

«AMANAT»  партиясы фракциясының мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты ретінде түрлі кәсіпорындардың бесекеге қабілетті болғаны қуантады. Кәсіпорындардың көп болу, бәсекеге алып келеді. Ал, бәсеке болған жерде сапа болары анық.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент әкімі М.Әйтенов халықтың табысын арттыра түсу үшін өндіріс орындары санын арттыру жұмыстары қолға алынғанын жеткізді.

— Бұл бағытта биыл 16 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Инвестиция көлемі 52,3 млрд. теңгені құрап, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда жоспарланған 5 кәсіпорын іске қосылды. Олардың ішінде Орталық Азияда теңдесі жоқ «KazAlPack» ЖШС «Алюминий банкілерінің өндірісі» жобасын атап өткім келеді. Жоба құны 23,4 млрд. теңгені құрайды. Жаңадан 145 жұмыс орны ашылды. Онда жылына 500 млн. дана алюминий банкілерін шығару жоспарлануда. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60%-ын алмастырады, — деді ол.

Жалпы қаладағы 4 индустриялды аймақта 185,3 млрд.теңгеге130 жоба іске асырылып, 8,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

 

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*