ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ — ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

Қала әкімінің Еңбекші ауданы тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі Д.Есілбек негізгі көрсеткіштерді атап, жоспарлармен таныстырды.

Еңбекші ауданында 27 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Оның ішінде 3 өндірістік аймақта (Оңтүстік ИА Ордабасы ИА, Оңтүстік АЭА) 123 жоба іске қосылған. Бұл жылы аймақтарда 713 жұмыс орнымен 12 жоба жүзеге аспақ.

Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту туралы тапсырмасына сәйкес, жаңадан «Жұлдыз» индустриалды аймағы ашылуда. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүруде.

Әр іске қосылған өндіріс орындары  сол өңірдің ғана емес, Қазақстанның экономикасына әсер ететіні анық. Сонымен бірге, аймақтағы жұмыссыздық деңгейін едәуір азайтады. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде ірі кәсіпорындардан құралған өндіріс аймақтарын аралап, жұмыс барысын көрген болатынбыз.  Жол картасындағы тармақтар негізінде кәсіпорындарды қолдап, өндіріс аймақтарын көбейту жоспарланған.

 

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*