Шымкент қаласы әкімінің өкімімен сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып Жүнісбеков Нұрбол Әбдірахманұлы тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұрбол Әбдірахманұлы 1985 жылы 15 қыркүйекте Сайрам ауданында дүниеге келген.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі — жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру инженері, заңгер.
Еңбек жолын 2009 жылы Шымкент қаласының жер кадастры филиалында инженер жерге орналастырушы болып бастаған. 2012 жылы «Жер ҒӨО» ОҚО еншілес мемлекеттік кәсіпорынның сектор бастығы, 2014 жылы «Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Шымкент қалалық бөлімшесінің жерге орналастыруды жүргізу секторының инженер-жерге орналастырушысы, 2015 жылы «Жер кадастры ҒӨО» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Шымкент қалалық бөлімшесі жерге орналастыруды жүргізу секторының басшысы, 2016 жылы «Азаматтарға арналған Үкімет» МКК АҚ ОҚО бойынша филиалы «Жер ҒӨО» департаменті Сайрам аудандық бөлімше басшысының орынбасары, одан соң бөлім басшысының орынбасары, ал 2018 жылы «Азаматтарға арналған Үкімет» МКК АҚ-ның Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Түркістан қаласы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Соңғы жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы міндетін уақытша атқарушы қызметтерін атқарып келген.
Шымкент қаласында Рысқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайырық құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. 20 қаңтарда ірі жолайырық құрылысының екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде жол жабынын бұзу, инженерлік желілерді ауыстыру, тіреу қабырғаларын бетондау, жол өтпесін және […]
Шымкент қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 8380 жұмыс орны ашылады. Еліміздегі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әзірленген қаржының 45,3 млрд.теңгесі Шымкент қаласына бөлінген. Осы жоспар бойынша 224 инвестициялық жобалар барысында қалада 8380 жұмыс […]
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына орай, Шымкенттегі жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жаңа жұмыс орындарын құруда «Жұмыспен қамту 2020» жол картасының іске асырылуы оң нәтиже беріп жатыр. Биыл Шымкент қаласында «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 24 367 адамды […]
Пікір қалдыру