ТҮЛКІБАСТЫ ТҮРЛЕНДІРУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында абаттандыру, көріктендіру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Десе де заман ағымына сай өшеге көрік, өңірге өң кіргізетін жобалардың  болғаны дұрыс. Түкібас ауданы облыстың табиғаты тамаша, туристер көп  келетін өңір. Осы орайда облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауданды дамыту, инфрақұрылмын жақсарту, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы билік пен халық бірлесе жұмыс атқарса ғана аймақ дамитынын айтты. Өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, ауылдарды абаттандыру, тазалық жағдайын жақсарту мәселесі маңызды екенін жеткізді.
Нәтижеге қол жеткізу үшін әкімдіктер мен халық бірлесе жұмыс істеуі керек. Мысалы, елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Өкінішке қарай, әзірге негізінен бюджеттік мекеме қызметкерлері ғана белсенді атсалысуда. Күл-қоқысты көріп өскен бала оны қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстап, тұтас ел болып үлгі көрсетуіміз керек. Таза елге береке келеді, тұрақты елге инвестиция тартылады. Осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырамын. Түлкібас ауданының мүмкіндігі жоғары. Өндірісті, туризмді дамытуға қолайлы. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Түлкібас ауданында 2023 жылы 9 елді мекенде 20 жобаны іске асыруға қаржы бөлініп, тиісті жұмыс жүрді. Атап айтқанда, Майтөбе және Азаттық елді мекендеріндегі 49 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Ынтымақ елді мекеніндегі мектеп күрделі жөндеуден өтуде, биыл пайдалануға тапсырылады. Таусағыз елді мекенінде 150 орынға арналған мектептің қосымша корпусы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ақбиік, Келтемашат, Рысқұл, Шұқырбұлақ елді мекендерінде фельдщерлік-акушерлік пункттердің құрылысы жүргізілді. Кершетас елді мекенінде мәдениет клубы салынып, пайдалануға берілді.

Айта кетейік, ауданда «Менің Түлкібасым» демалыс орыны бой көтеріп, «Тұнғыш Президент» және «Орталық» саябағының аумағы толығымен жөнделді. Демалыс орындарына субұрқақтар, балалар ойын алаңшалары мен стрит воркауыттар орналастырылды. Түнгі уақытта демалыс орындарының бейнесін айшықтай түсетін түрлі композициядағы жарық шамдары орнатылды.

Абаттандыру жұмыстары ауданымыздың басқа да елді мекендерінде жалғасты. Халық көп шоғырланған Түлкібас және Састөбе кентінде балалар ойын алаңшасы мен стрит воркаут бой көтерді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*