Созақ – қазақтың қасиетті мекені. Созақта бір күн болған адам оны өмір бақи ұмыта алмайды. Осынау киелі туған өлкені жалпақ жұртқа таныстыру мақсатында осы жазбамызды жариялауды оқырманға ұсындық. Созақ – қазақтың ажырамас бір бөлшегі. Қыртысы қалың Қаратау байлығы да елге ортақ.
Сырлы Созақ атанып кеткен киелі өлкеге Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен барып, бірқатар құрылыс алаңдарын аралады.
Облыс әкімі сондай-ақ жеке инвестор тарапынан саланып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты. Жаңа қалашықта 2 пәтерлі 36 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Әр пәтердің аумағы 70 шаршы метрден асады. Жалпы жобаның құны 561 млн. 600 мың теңге. Жаңа баспаналар үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға беріледі.
Жауапты сала басшыларына құрылыс барысы бойынша тапсырма берді. Өңір басшысы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылыс алаңында болып, мердігерлермен құрылысқа қатысты туындаған мәселелерді талқылады. Қазір мұнда ішкі құрылыс жұмыстар жүріп жатыр. Құрылыс басында 140 адам бар. Білім ошағы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен қолға алынып, биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Шолаққорған ауылындағы «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылыс алаңында болды. Жоба құны – 1 млрд 845 млн теңге. Спорт кешенінің оқу-жаттығу базасы талапқа сай жабдықталмақ.
Біз үшін басты міндет — сіздерге адал қызмет ету. Берілген уәделерді орындау. Сіздерді толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелерді бірге талқылау үшін келіп тұрмыз. Бұл жерде барлық басқарма басшылары және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары отыр. 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында Президент реформалардың нақты бес бағдарларын айшықтап берді
Түркістан қаласында 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған бір айлық кең ауқымды акция өз жұмысын бастады. «Есірткісіз болашақ!» ұранымен өткен бұл іс-шара жастардың бойында салауатты өмір салтына бейімділік […]
Түркістан облысына ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келді. Ол өңірдегі аудандардағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, осы жобаны жүзеге асыру жөнінде кеңейтілген мәжіліс өткізді. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, басқармалар […]
Түркістан облысы Жетісай ауданында жылыту маусымына дайындық барысы пысықталып жатыр. Аудан аумағында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Мәселен, жылыту маусымында улы газбен уланудың орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында, […]
Пікір қалдыру