«Ауыл — Ел бесігі» жобасының басты мақсаты — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.
Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған бағдарламаның аясында жүрігізіліп жатқан жұмыстарды саралау мақсатында Тегісшіл ауылдық округіне арнайы барып, Мәдениет елді мекенінің көшелерінің жол сапасын бақылап қайтты.
Айта кетсек, «Ауыл–Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Тегісшіл, Таскесекен, Мадениет елді мекені 36 көшенің 29,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Қазіргі таңда, Мәдениет елді мекеніндегі ұзындығы 6,7 шақырым атап айтсақ: Сарсенбай ата, Желтоқсан, Қызылқия, Қ.Төреқұлов, О.Исабаев, Қоңыратбай ата көшелерінде мердігер тарапынан тас төсеу жұмыстары аяқталып, асфальт жамылғысы төселуде.
-Аудан ағымында жол жөндеу жұмыстары мемлекеттік бағдарламалар бойынша іске асырылып жатыр. Сондықтан жол жөндеу жұмыстарының сапалы жүзеге асырылуын жіті бақылап, техникалық талаптарға сай қабылдап алу қажет,- деді аудан басшысы.
Жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жол жөндеу жұмыстарын жобаға сәйкес мерзімінде, сапалы аяқтауды, ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Доспуловқа жұмыс барысына бақылауды күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар, Тегісшіл елді мекенінде шағал төсеу жұмыстарын пысықтау үшін техникалық қадағалаушы мекеменің өкілімен кездесіп, атқарылған жұмыстарды сынға алып, бірқатар ескертулер атап өтті.
Келесі кезекте аудан басшысы Құркелес ауылдық округіне барып, Еңкес елді мекенінің тұрғындарымен жол жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілімен кездесті. Сондай-ақ елді мекен тұрғындары ауыз су, электр жарығы, тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру бойынша өтініштерін жеткізді. Аудан басшысы әрбір өтінішті жіті тыңдап, заң шеңберінде жауап берді. Ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінінің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі […]
Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс нысанында ауыз су жіберу, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы мердігер мекеме […]
Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты. Қазіргі таңда, ауыз су жұмыстарын тексеру және кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме өкілімен […]
Пікір қалдыру